Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Балалық балладасы

Шыбық мiнiп,
Жейденi қаспақ қылып,
Тентек кезiм жүретiн сақ-сақ күлiп.
Көршiмiздiң байлаулы төбетiне
Ерiккенде ойнаушы ем тас лақтырып.

Қарасирақ балалар жол көсеген,
Өттiк бiрде топтанып сол көшеден.
Байлаулы иттi көрдiм де,
Тас заулаттым,
«Сағынып-ақ» қалыппын мен кешеден.

Тұра қуды қабаған қарғып тұрып,
Бос жатқанын сол сəтте қалдық бiлiп.
Тапыр-тұпыр бiздер де тұра қаштық,
Балақтарға бозала шаң жұқтырып.

Балалардың бəрiнен желаяқпын,
Озып кеттiм оқ бойы оңай-ақ тым.
Тал басына өрмелеу ойымда бар,
Бiр iлiксем шетiне сая-бақтың.

Жүйрiкпiн-ақ…
Дəл соған сөз бар ма едi?
Өтсе керек өштiгiм жаздан берi –
Артта қалған баланың бiрiн қаппай,
Қуып жетiп ит қапты озған менi!..

Көрдiм солай көкесiн масқараның,
Содан берi ит десе жасқанамын.
Кейде бiрақ…
Тас атам тағдырыма,
Бiле тұрып бiр күнi бас саларын!..

Ұқсас жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынұлы

Redaktor Site

Міржақып Дулатұлының сөзі

Redaktor Site

Қуаныш Қолхаев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz