Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Мағжан Жұмабаев-Осы күнгі күй

Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қараңғыда,
Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағында өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз.
Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес,
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз?
Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің,
Құл болдың қара табан енді малсыз.
Ортаға қамап алып қырып жатыр
Қара жүрек «надандық» қолмен сансыз.
Қазағым, арыстаным, қайратты ерім,
Тұрдың ба қару қылмай, құр амалсыз?
Өзіңдей адамзаттар не ғып жатыр,
Бос жүрсің баспанасыз, үйген тамсыз,
Сандалдың: алдың – боран, артың – тұман,
Түк көрмей сәуле берер шырақ-шамсыз.
Білімсіз ит надандық жеңгені ме?
Буының қалтырайды болып әлсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысы Страсбург қаласында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының сессиясында «Қазақ бұрышын» ұсынды

admin_qazyr

Қазақ хандығының хандары

Redaktor Site

Биыл Қазақстанда 94 мыңнан астам білім беру гранттары бөлінді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz