Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Біржан сал

Ер жігіт дүниені көргені артық,
Дүниеден не бар-жоғын сезгені артық.
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық.

Қол берген қиын жерде жолдас артық,
Бас тартқан жолдасынан болмас артық.
Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген,
Досыңнан — қатын-балаң болмас артық.

Жігітке сайран етіп жүрген артық,
Жігіттік бір кеткен соң, келмес қайтып.
Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,
Жан-тәнің бірдей жанып күйген артық.

Осылай бозбалаға салдым нұсқа,
Өмірің зайғы болар бекер босқа.
Көргенің бір күнгідей болмас сірә,
Міне, ажал келді нәубат деген тұста.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қандай да бір елдің мәдениетін құрту үшін 3 нәрсе істеу керек

redaktor_qazyr

Беймәлім Алаш қайраткері

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz