Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Бесік жыры

Әлди-ау, әлди-ай,
Әлди де бөпем әлди-ай.
Ұйықтай ғой, бөбек, ұйықтай ғой,
Балбырап балқып, қалқатай.

Ұйықта, бөбек, көріп түс,
Өмірге сайлы жинап күш.
Балғын бол, бөпем, батыр бол,
Өс, бөбегім, өс, өс!

Өсерсің бөпем ержетіп,
Өсірер өмір тербетіп.
Ұшырар өмір шыңына
Қияға қанат серметіп.

Арыстан сынды айбатты,
Алып та болар ма екенсің,
Ақылы теңіз данышпан
Ғалым да болар ма екенсің.

Толқыны тулап көкке атқан,
Теңізді кешер ме екенсің,
Ұйықтаған шыңды оятып,
Аспанда ұшар ма екенсің.

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Шаханов — Әйелдер

redaktor_qazyr

Адам, кісі туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz