Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Анадолыдағы ағайынға

Бауырым, сен жырақта, мен бұ жақта,
Басылған осылай деп мөр құжатқа.
Баласы бір атаның болғаннан соң,
Арасы бауырлардың енді ұзақ па?!
Куәгер Қазақ Жері қанша арманға,
Біз қалдық, Сіздер кетіп, енші алғанда.
Жан беріп, қорғаштауға даяр болдың,
Жау келіп, жағамызға қол салғанда.
Түркістан – бар түрікке атамекен!
Мағжанның мәнді сөзі мақал екен.
Ер-тұрман аттан ауып бара жатса,
Ер туған есті жігіт жата ма екен?!
Ежелден ержүрек қып асыраған,
Көк бөрі – текті Шешең, асыл Анам?!
Көп түрік – Көк Түріктің ұрпағымыз,
Ет тіліп алса жоннан жасымаған.
Бауырым, мен – он сегіз, сендер – сексен,
Уайымын он сегіздің емдер тек сен.
Көз тіккен көк бөрінің мекеніне,
Сорлы аю сорлап қалар жер мен жексен.
Қақса да қас-дұшпаным қай қалтамды,
Езбеймін мен де сірә жәй малтамды.
Аруақ бер алты алаштың баласына,
Шарлап бер Бұхар болып айбалтамды.
Оқ тисе емделеді тән жарасы,
Көп күйсе жазылар ма жан жарасы.
Қарашаңырақ қасқайып тұру үшін,
Түріктің қорғау керек бар баласы.

Ұқсас жаңалықтар

Қабдеш Жұмаділов

Redaktor Site

Табылды Досымов – Қазақ едім дегенше

redaktor_qazyr

Әлемдегі ең үлкен жанұя

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz