Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Фариза Оңғарсынова

Қателескен екенмін. Бір-ақ рет.
Өкініштен өртен де жыла, жүрек.
Әр қадамды мысықша аңдамаппын,
Айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп.

Өкпелеңдер бұлалау қылығыма,
қондырмаңдар талпынған тұғырыма.
Бұның бәрі түк емес, ал өзімнің
өкінішім жетеді ғұмырыма.

Кінәм жоқ деп ақиқат қарғанбасым,
Сыздатып тұр жүректі ар — қорғасын.
…Қателесу керек те шығар, мүмкін,
Кешіре алар бір жандар бар болғасын.

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Түркістандағы индустриялды аймақты тазалау,көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

redaktor_qazyr

Ақмола облысында мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды

redaktor_qazyr

Қазақ киносының онкүндігі Жетісуда өтіп жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz