Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ұлықбек Есдәулет-Қыздардың махаббаты

Қыздардың махаббаты
Ыраңды сайдағы ыза суындай
Өз көзiн өзi аша алмайтын,
Арнасынан ауытқып аса алмайтын,
Қыздардың махаббаты тамшы тектес
Қолдан жасалмайтын.

Қыздар, қыздар!
Тамшыдай мөлдiрейсiңдер,
Бақыттың терезесiнен телмiресiңдер.
Өз махаббаттарыңды ешкiмге
сездiрместен,
Өз кеуделерiңде сөндiресiңдер.

Қыздардың махаббатын ұғу үшiн –
Жаз болып жайнап,
Қыс болып суу керек;
Қыздардың махаббатын ұғу үшiн –
Қыз болып туу керек!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Исраил Сапарбай — Қазақ қызы (Қасида)

redaktor_qazyr

Қазақстанда білім алуға 93 мың грант бөлінді: мектептер мен жатақханалар саны артып жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz