Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Шал ақын

Балаңда ер сабырлы мінез болса,
Малыңды сол бағады аз да болса.
Бала менен келінде не кінә бар,
Үйде отырып кемпір-шал қазба болса.
Қартайсаң қатын, балаң дұшпан болар,
Екі жақтан өзіңді қысқан болар.
Келін деген тағы да біреуі бар,
Біреуі – іштен, біреуі – тыстан болар.
Жігіттер, өлім рас, маған нансаң,
Ораза ұста, намаз оқы, тілімді алсаң.
Ораза ұстамай, намазды оқымасаң,
Әрине, күнәсі не, өлмей қалсаң?..
Уа, шіркін, кәріліктен кісі өлмейді,
Өлмесе де істеген ісі өнбейді.
Басың бұлбұл, аяғың дүлдүл болса-дағы,
Шідермен екі қолды кісендейді.
Көшкенде көлік бар ма түйе алдында,
Еруде сауын бар ма бие алдында.
Өз ерін сыйламаған арсыз келін,
Біз түгіл құдайынан ұялды ма?

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Мұхтар Шаханов — Құдаша

redaktor_qazyr

Өлең: Білемін ана

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz