Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді

6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді.Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте өткен жолдауында айтты деп хабарлайды QAZYR.KZ тілшісі.

«Шын мәнінде, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», — деді Тоқаев.

Бұған дейін АЭС салу бойынша өңірлерде жария талқы өткен. Астана мен Алматыдағы қоғамдық тыңдауда халық талқылаудың бір жақты өтіп жатқанын, қарсы пікір білдірушілер мен сарапшыларға сөз берілмегендігін атап өтті. Билік өкілдері АЭС салуды қолдап отыр. Ал экологтар мен сарапшылар АЭС-тің қоршаған ортаға әсері мен қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтару жоспарлануда

redaktor_qazyr

Кісі өлтірген қылмыскердің жеке ақпаратын жариялағаны үшін, журналистті полицейлер жалаңаш күйінде видеоға түсірген

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев: «Әлем қақтығыстардың шешімін табуда жолайрықта тұр»

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz