Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСаясатТехнология

Марат Байділдәұлы: Ресей Қазақстанға АЭС салса, бізде АҚШ-тың санкциясына ілініп кетеміз

Abai.kz: -Біріншіден, Қазақстан аумағына АЭС салудың мүлде қажеті жоқ. Өйткені, қазір бүкіл дүниежүзінде атом электр станцияларынан бас тартып, жұмыс істеп тұрғандарын тоқтатып жатыр. Соңғы он жылдықта жаңа станция салу жөніндегі жобалар мүлде қабылданған емес. Себебі, АЭС-тің ауаны, экологияны, суды ластайтын зияны жылдан-жылға артып келеді. Ал, Фукусима 1-дегі апаттың өзі атомдық технологияның адамзат баласы үшін өте қауіпті екенін көрсетті.

Мен осы мәселе жөнінде әлемдегі жағдайларды зерттеп көргем. Түсінгенім — Қазақстанға АЭС салудың еш қажеті жоқ. Өйткені, Қазақстан әлемде жалпы жер аумағы жөнінен 9-орын алса, оның ішінде күн сәулесі түсетін аумақтары орасан зор. Қазақстанның картасына қарап отырсаңыз, Орталық Қазақстан, оның оңтүстік жақтарындағы қаншама аумақ, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарындағы адам қоныстанбаған үлкен аумақтарға үлкен күн стансаларын орнатуға болады. Сол сияқты үнемі жел, боран соғып тұратын аймақтар бар. Сол жерлерге желдің қуатынан электр энергиясын өндіретін қондырғылар жасауға болады. Одан бөлек, желден электр энергиясын өндіретін құрылғылар ойлап тауып, соларды патенттей алмай жүрген қаншама адамдар бар. Бізде осыған қарай бетбұрыс жасалуы керек.

Екіншіден, шамамен соңғы 40 жыл ішінде Ресей Федерациясы дүниежүзінде бірнеше АЭС салыпты. Оның ішінде Иран мен Африка елдері де бар. Бірақ, Ресей техникалық, технологиялық тұрғыдан мүлде артта қалған. Ілерілеу жоқ. Ол жақта да коррупция деген нәрсе бар. Сондықтан, Ресейге АЭС салуға тапсырыс берсеңіз, олар ақша үнемдеу үшін Қытайдан немесе басқа елдерден сапасы төмен материалдар алып пайдаланады. Ал, өздерінің пайдаланатын құрал техникалары ескірген. Тағы бір фактор — олардың мықты, озық ойлы ғалымдары өздеріне ыңғайлы орта жоқ екенін байқаған соң, көбісі шет елге кетіп қалды. Қазір олар Америкада, Францияда, Германияда тұрады. Ал, Ресейдің өзінде интеллектуалдық қуаты мықты адамдар азайған. Ондағы жастардың өзі шет елге кетуге асық. Сондықтан, осындай қалыптасып отырған жағдайда РФ-ға АЭС салуға тапсырыс беруге болмайды.

Тағы бір айта кетерлігі – АҚШ әкімшілігіне Байденнің келуі Ресейге қиын тиеді. Себебі, ол сайлау алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ тың бірінші қарсыласы — Ресей», деді. Яғни, Ресейдің Қырымды тартып алуы, Донецкті, Луганскі облыстарының жартысын басып алуы Ресейдің агрессиялық саясатын көрсетеді. Демек, агрессиядан беті қайтпаған бұл елді экономикалық жағынан тұншықтыру үшін АҚШ-тың санкциясы көбейеді. Ал, қазір Ресей Қазақстанға АЭС салса, онда біз де АҚШ-тың санкциясына ілініп кетеміз. Ол бізге экономикалық жағынан өте қауіпті.

Жалпы, дүниежүзінде 600-ге жуық АЭС бар дегенді көзім шалған. Кезінде олардың пайдасы болды. Бірақ, Чернобль атом стансасының 4-блогында болған апат, одан кейін басқа жерлердегі жарылыстар, әсіресе соңғы Жапониядағы Фукусима 1 АЭС-індегі апаттар қалай десек те, адам шығыны болатынын, атом стансаларының қауіпсіздігіне кепілдік жоқ екенін көрсетті.

Ал, Қазақстанның Конституциясы бойынша, ең құнды нәрсе – адам өмірі мен денсаулығы. Сондықтан, бізге энергетикалық пайдасы тиеді екен деп адамдардың өмірін құрбан етуге болмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл мектептепде алғашқы қоңырау жексенбі күні соғылады

redaktor_qazyr

Астанада өтетін CONNECTED-2024 конференциясына 20-дан астам елден 1500 делегат қатысады

redaktor_qazyr

Өкшелі аяқ киімді дұрыс таңдап жүрсіз бе?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz