Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Сауранда көлікті масайған күйде тізгіндеген ер адам 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Сауранда көлікті масайған күйде тізгіндеген ер адам 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.Бұл туралы Qazyr.kz Түркістан облысың ПД баспасөзіне сілтеп хабарлайды.

Сауран ауданының полицейлері күнделікті қызмет атқару барысында күндізгі уақытта аудан көшелерінің бірінен жүрісі күдікті әрі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «Daewoo Matiz» маркалы автокөлік жүргізушісін байқады.
Содан полицейлер көліктің артынан жүріп, оны тоқтатқан.

Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды. Қорытындыға сәйкес 58 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде көлік жүргізгені расталды.

Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізген ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді

redaktor_qazyr

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

redaktor_qazyr

Әкімдіктер өрт қауіпті кезеңде толық жауынгерлік дайындықта болуға тиіс – Экология министрлігі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz