Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

БҚО-да үйіне кеш келген әйелін күйеуі пышақтап өлтірді

БҚО-да үйіне кеш келген әйелін күйеуі пышақтап өлтірді.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Оқиға 21 маусымда Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында болған.
Қаладан ауылға такси таппаған келіншек,үйіне түнделетіп келген.Ал күйеуі оған үздіксіз қоңырау шалып қашан келетінін сұрай берген.Біраз уақыт өткен соң күйеуі терезеден әйелінің белгісіз көліктен түсіп келе жатырғанын көрген.Үйінен ашуланып шыққан ол әйеліне «Неге қаңғып жүрсің?»,«Балаларың бар екені енді есіңе түсті ма?»,- деп әйеліне айқайлап, боқтық сөздер айтқан.Кейінен ер адам әйелін қызғаныштан шашынан ұстап тартып,мойнына пышақ сұғып,жерге құлатқан.

Әйелдің жан дауысын естіген анасы мен көршілері келген соң ғана күйеуі ұруын тоқтатқан.Алайда байғұс әйел оқиға орнында жан тапсырды.

Күдікті ер адам сотта кінәсін толық мойындап,қызғаныштан осындай қадам жасағанын айтты.Сот ер адамға қатаң түрдегі режимдегі түзеу мекемесінде 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді.

Ұқсас жаңалықтар

Фариза Оңғарсынова- сағынбайсың ба?

redaktor_qazyr

Алматы Қытай туристеріне есігін айқара ашты

admin_qazyr

Кентауда полицейлер нашақорлық пен алаяқтықтың алдын алу бойынша 1200 студентпен кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz