Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Анаға арналған тілектер

Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім – өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – Мама, өзіңізге арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, осы күнге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз.
Аяулы анам менің!
Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін ешнәрсе де жоқ мама!…
Маматайым, езуіңізден күлкі нышаны кетпесін, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!

***

Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар.
Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін!
Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

***

Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде қызын – қияға, ұлын – ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анамыз, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың » деген сөз бар.
Ардақты ана, сізге қажымас қайрат, зор денсаулық тілей отырып, айналаңызға шуағыңызды шашып ұзақ өмір сүріңіз демекпіз!

Ұқсас жаңалықтар

Көлікті қалай жүргізіп үйренуге болады?

redaktor_qazyr

Есей Жеңісұлы

Redaktor Site

Ақұштап Бақтыгереева — Қателігі жастықтың біліне ме

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz