Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестер

Ыбырай Алтынсарин — өнер,білім бар жұртта

Өнер-білім бар жұрттар
Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып – жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі – дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.

Ұқсас жаңалықтар

Спортшыларға қандай тағамдарды жеуге тыйым салынған?

Redaktor Site

Адамды бақытсыздыққа ұшырататын 18 себеп

redaktor_qazyr

Қанттың қандай зияны бар?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz