Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Скутер мінген жасөспірім жол апатынан қаза болды

Орал қаласында 16 қыркүйек күні сағат 9:00 шамасында Абай даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында жол апаты болды. Жол полициясының мәліметінше, қиылыста скутер мен Chery Tiggo көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Оқиға орнына келген дәрігерлер 16 жастағы скутер жүргізушісін ауруханаға жеткізді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жасөспірім облыстық балалар көпсалалы ауруханасындағы травматология бөліміне жатқызылып, қажетті ем алып жатқаны белгілі болды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Депутат Бапи: Халықты сыға бергенше, банктерді қыспайсыздар ма?!

admin_qazyr

2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: энергетика саласында ЖИ шешімдері кеңінен енгізіледі

admin_qazyr

«Құран сүрелерін дұрыс оқымағаны үшін»: Шымкентте дін қызметкері балаларды ұрып-соққан.

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz