Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері кең ауқымды антициклон Қазақстан территориясының көп бөлігін қамтиды. Сол себепті жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал  еліміздің оңтүстік жартысына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Мамандардың айтуынша,  17-19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін үсік жүреді.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман болады.

Ұқсас жаңалықтар

Есіктегі перинаталдық орталық жеке мәртебе алды

admin_qazyr

Сарыағаш қаласы Ораза кестесі 2024 жыл

redaktor_qazyr

Шардарада «Жайлы мектеп» қолданысқа берілді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz