Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Моңғолияда үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп үш мыңға жуық адам шеруге шықты

Сурет: видеодан скрин

Моңғолияда үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп үш мыңға жуық адам шеруге шықты.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда халық үкіметке қарсы наразылық акциясына жиналды. Азаматтар елдегі жемқорлықтың өршуіне және әлеуметтік түйткілдердің шешілмей жатқанына қарсылық білдірді. Шеруде қозғалған мәселелер қатарында жолдағы көлік кептелісі, салық ауыртпалығы, сондай-ақ қаладағы ауа ластануын азайту мәселесі бар. Орталық Сухэ-Батор алаңына шамамен 3 мың адам жиналған.

Zindaa.mn ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, наразылық кезінде Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда 15 автобус бағыты тоқтап, орталық көшелерде көлік қозғалысы шектелген

Шара бірнеше сағатқа созылып, жиналғандар жергілікті уақытпен сағат 17:00-де тарауы тиіс болған. Алайда шерушілер Парламенттен үкіметті отставкаға жіберуді талап етіп, кейбірі үкімет кеңсесіне кіруге әрекеттенген. Оларға арнайы жасақ тосқауыл қойды.

Ұқсас жаңалықтар

Іле Алатауы тауларында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді

redaktor_qazyr

Бауыржан Момышұлының сөздері

redaktor_qazyr

Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға 38,3 млрд. теңге бөлінді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz