Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Коньки тебудің пайдасы

Коньки тебу танымал қысқы ойындардың бірі. Сонымен қатар, коньки тебудің денсаулыққа пайдасы мол.

Біріншіден, коньки тебу бұлшық еттерді созып, жаттықтырады. Дененің иілгіштігі жоғарылайды, калориялар жойылып, дененің жалпы көрінісі өзгереді. Күнделікті 20-30 минут коньки тебу координацияны жақсартып, төзімді, дені сау болуға көмектеседі. Сондай-ақ, бұндай жаттығу жүректі болашақ аурулардан сақтайды.

Жалпы иммунитет жоғарылап, стресс төмендейді. Ал қозағалу белсенділігі ағзамыздағы кортизол атты зиян гормонның шамасын төмендетіп, пайдалы эндорфиндерді іске қосады. Қозғалыстарға зейін салып, коньки тепкен сәтте, біз көңілімізді босатып, артық ойлардан арыламыз.

Осындай демалыстан кейін, ми жұмысы жақсарып, денеңіз шымырланып қалады. Сондықтан қыс аяқталмай тұрып, мұз айдынына барайық!

Ұқсас жаңалықтар

Асқазанның қыжылдауы

redaktor_qazyr

1 қыркүйек күні алматылық оқушылар мектепке бармайды

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz