Qazyr.kz порталы
Руханият

Асыл арман

Таусылған ба шаруа тірі адамда,

Бітеді тек зорығып құлағанда.
Қал сұраспай кетіппіз көптен досым,
Ауыл-аймақ, үй-ішің дін аман ба?

Бостан-босқа өткізбей бір күнімді,
Жасап жүрмін өзімше тірлігімді.
Қанша дауыл соқса да үзе алмады,
Туған жерге байланған кіндігімді!

Төрт түліктің деп еді халы нашар,
Сары бұзау болды ма сары қашар?
Мал емес қой, бірақта ер жігіттің,
Ұрпақтары емес пе бағын ашар.

Бітірді ме мектебін қара балаң,
Қара балаң, басқадан дара балаң.
Апаратын алысқа атымызды,
Солар жақсы болса екен.
Солар аман.

Біреулер бар жүрсе де арып-ашып,
Жылтыраған дүниеге жаны ғашық.
Көгерткенін көргем жоқ қу дүние,
Ер жігіттің бармақтай бағын ашып!

Естілгендей құлаққа жабайы ұғым,
Шындықты айтсам кіржиді талай інім.
Кемшілігін қоғамның шұқып тұрып,
Жазғаным ба шындықты бар айыбым!

Тоқтатпаймын бәрібір күресімді,
Ойып тұрып аламын үлесімді.
Мақсатыма жеткенше тоқтамайтын,
Білесің ғой жан досым мінезімді!

Жалған мақтап біреуді асыра алман,
Өтірікпен шындықты жасыра алман.
Айдай ашық аспандай қоғам құрсақ,
Осы менде аңсаған – асыл арман!

Айбек Қалмағанбетов
01-02-2021

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Төркіндеу

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz