Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Лала Жүнісқызы

Шаршап келсе жұмыстан,
Қабағыңа қарайтын.
Тәңіріндей санайтын,
Жары болсын жігіттің.

Алыс кетсе сағынып,
Перзентіне абынып,
Күтетұғын жабығып,
Жары болсын жігіттің.

Ауыр сәтте жұбатып,
Арттыратын қуатын.
Жайын айтпай ұғатын
Жары болсын жігіттің.

Шектен озбай қылығы,
Сезілмеген былығы.
Мөлдір судай тұнығы,
Жары болсын жігіттің.

Алла өзі қолдаса,
Осындай жар жолдаса.
Қалайша бақ қонбасқа,
Жолы болсын жігіттің.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақша афоризмдер

redaktor_qazyr

Жүрсін Ерман-Әйел

Redaktor Site

Бәрі де сүйгенім саған

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz