Qazyr.kz порталы
Руханият

Күз

Күз

Оо ,тоба күз келіп қалғаны ма?,
Жеткізе ме осы күз арманыма?.
Сары көйлек киген қыз Айға ғашық,
Айдан асып қарай ма жан- жағына?.

Қара күздің салқындау таңда мына,
Әлде мені үмітім алдадыма.
Ешкімге ұқсамайтын ерен қызға,
Ғашық болған жүректе бар ма кінә?.

Ол ару қоңыр қозы, күзге ғашық,
Жанарынан тұрады жасын атып.
Қиялымда қиялап соған қарай,
Басқа оилар келмейді басыма түк.

Ай айтады: ,,Ол ару сізге ғашық»,
Көруге сол бір қызды көздер асық.
Көзіне тура қарап айта алсам ғой,
Айта алсам ғой сезімді ашып- ашып.

Сезіне ме күз күні бізше түрлі?,
Қаздар жолы қайтпайтын із секілді.
Гүлдеп тұрып сарғайып үзілетін,
Менің де тағдырым күз секілді,
Оның да тағдыры күз секілді.

Жігер Асқар

Ұқсас жаңалықтар

Қасым хан және оның жорығы

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Әділбек Қаба- Құла да тұр

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz