Мұқтаж жанның көзімен
Күбірлесе сырласатын төзіммен,
Мейірімге мұқтаждардың көзінен,
Тартып алып қойғандай бір үзім нан,
Өз-өзімді ыңғайсыздау сезінем.
Раxаты үшін демсіз қалар тәнімнің,
Бейтаныстың жабырқаттым жанын мың.
Тойда шырқап жүргенімен көпшілік,
Жалғыздардың салады екен әнін кім?..
Маңдайының естігенде тар үнін,
Дел-сал күйде қалатындар бар бүгін.
Қиындықты кешкен пенде тыңдайды,
Түнгі көше жылғасының сарынын.
Іздеуменен үмітінің жарығын,
Жылу таппай құшақтайды тағдырын.
Терлеп кетіп терезеңді ашқанда,
Ұмытпашы,тоңғандардың барлығын.
Айырылған бақытпенен төзімнен,
Күбірлесе сырласатын өзімен.
Бұл өмірге кейде қарап қояйық,
Жәудіреген мұқтаждардың көзімен!!!
17.10.2016ж Алматы
Біржан Досжан