Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚоғам

Мемлекеттік бағдарламамен үй алып береміз деп алдағандар құрықталды

Өскемен қаласында алаятарға алданған адамдар полицтяға хабарласқан. ШҚО-ның екі тұрғыны мемлекеттік бағдарламамен үй алып береміз деп сендіріп, тұрғындардан ақша алған, кейін дереу ізін суытқан, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

Алаяқтар жәбірленушіден 5 миллион теңге алған, бірақ қаражатын алғаннан кейін байланысқа шықпаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің тағы осыған ұқсас 32 қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған.
«Белгілі болғандай 39 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйел 2021 жылдан бастап тұрғындардың сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін жоғалып кетіп отырған. Жалпы шығын 142 миллион теңгеден асты» делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда мерзімі ұзақ сақталатын жұмыртқа өндіретін алғашқы зауыт салынады

redaktor_qazyr

Азия даму банкі Қазақстан билігіне көп деңгейлі тәуекелдерді басқару стратегиясын әзірлеуді ұсынды

admin_qazyr

Түркістан облысынан Тәжікстанға алғаш рет 16 тонна ІҚМ еті экспортталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz