Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚоғамСаясат

Израильде белгісіз біреулер аялдамадағы адамдарды атып кетті

Израильдің Тель-Авив қаласында атыс болды. Желіде атыстан кейінгі видео пайда болды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

Видеода адамдардың аялдама маңында оқ тиіп жараланғанын көруге болады.

Жараланғандардың санын полиция баяндады. Оқиға салдарынан 10 адам жарақат алған. 8 адам лаңкестердің құрбаны болды. Аялдамаға оқ жаудырған 2 адамды полиция қолға түсірді.

Алдын ала мәлімет бойынша, атыс дауысы Яффа қаласында (Тель-Авивпен біріккен ескі қала) Иерусалим көшесінде естілген. Полиция бұл оқиғаны теракт деп санайды. Израиль полициясы Тель-Авивтің араб аймағында атыс болғанын, құрбандардың бар екенін хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді

admin_qazyr

Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жібермек – NYT

redaktor_qazyr

Геосаяси назар: АҚШ Қазақстанмен байланысты нығайтуға мүдделі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz