Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Үндістанда мектеп директоры мен ұстаздары оқушыны білім ордасына сәттілік әкелсін деп құрбандыққа шалған

Сурет: m.anticor.com.ua

Үндістанның Хатрас қаласында мектеп директор мен бір топ ұстаз білім ордасына сәттілік әкелу мақсатында салт жораларын жасап, оқушыны құрбандыққа шалып жіберген.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Полицейлердің айтуынша, 7 жасар бала қара магия рәсімі бойынша құрбандыққа шалынған.Қазір адам өлтірді деген күдікпен бес адам ұсталды.

Бұл іс бойынша мектеп иесі Джасодхан Сингх,және оның ұлы сол мектептің директоры Динеш Багель және үш мұғалім қамауға алынды.

Олар мектепке сәттілік әкелу үшін салттық құрбандық жасаған.

«Баланы қара магия рәсімі аясында құрбандық үстеліне апару керек еді. Бірақ ол рәсім аяқталғанға дейін көз жұмған», — деді полиция қызметкері Химаншу Матур.

Үндістандағы салттық кісі өлтіру әдетте құдайларды тыныштандыру мақсатында жасалады. Бақсылық пен оккультизмге деген сенім кең таралған тайпалық және шалғай аудандарда жиі кездеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Хокингтің болжамы: Адамзат жойылып кетуі мүмкін бе

admin_qazyr

Биыл Шымкентте 40 мың шаршы метрге қызғалдақтар отырғызылады

redaktor_qazyr

Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz