Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Сыбайлас жемқорлықты әшкерелегендер қомақты сыйақы алды

Шымкентте сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы құзырлы органдарға дер кезінде хабар жеткізген 5 азаматқа 9 миллион теңгеге жуық сыйақы берілді, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Шымкенттік мамандардың айтуынша, жемқорлықпен күресте қала тұрғындары жыл өткен сайын белсенділік танытып келеді. Мәселен өткен жылы 7 ақпарат берушінің арқасында оңай олжа тапқысы келгендер қолға түскен.

Ескертетін жағдай, бір жолғы ақшалай сыйақы ұсынылған пара сомасының 10 пайызын құрайды. Көтермелеу қаржысы кінәлілерге сот үкімі шығарылғаннан кейін беріледі. Сонымен қатар ақпарат берушілер туралы мәліметтер ешқайда жарияланбайды, құпиялығы сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

17-23 қараша аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді

admin_qazyr

Қазақстанда шетелден заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

redaktor_qazyr

Таң атпай Шымкенттегі «Кең баба» саябағында өрт шықты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz