Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру — бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі.Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымға тағайындалған күннен бастап 6 айдан кешіктірілмей қайта даярлауға, 3 жылда бір реттен сиретпей біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі. Сондай-ақ, егер мемлекеттік қызметші жыл қорытындысы бойынша «функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» деген баға алған жағдайда біліктілікті арттырудан бағалау нәтижесі жарияланған күннен бастап 3 ай ішінде өтеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес 2024 жылдың 9 айы ішінде 949 мемлекеттік қызметші оқытылды.

 

 

Атап айтқанда біліктілікті арттыру курстарынан 825 мемлекеттік қызметші, қайта даярлау курстарынан 124 мемлекеттік қызметші өтті.

 

 

Оқу процесін ұйымдастыру барысында оқытудың жаңа белсенді формалары мен әдістері қолданылатынын атап өткен жөн.
Сонымен қатар 130 мемлекеттік қызметшінің тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған 189 қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалып, 105 адам сынақ мерзімінен сәтті өтті.Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы сұрақ-жауап

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Картоптың пайдасы мен зияндылығы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz