Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтеді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресейге ресми сапары барысында Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен екіжақты келіссөздер өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды деп хабарлайды Qazyr.kz

Тараптар өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға ниетті екенін білдірді. 2023 жылы тауар айналымы $27,8 млрд-ты құрап, 3%-ға өскен. Сонымен қатар, 171 бірлескен жоба іске асырылып, 45,4 мыңға жуық жұмыс орны ашылғаны атап өтілді.

Агроөнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл да ерекше маңызға ие. Бұл бағытта тауар айналымы $3,8 млрд-қа жетіп, 4,5%-ға артқан. Көлік-транзиттік салада «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағыны 2,4 млн тоннаға дейін өскен.

Келіссөздер қорытындысында екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ортақ ұстанымдар мен нақты қадамдар нақтыланып, Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысының маңыздылығы атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Сарапшылар Қытайдың Temu онлайн сауда платформасын шпиондық бағдарлама деп қауіптеніп жатыр

redaktor_qazyr

Жетісу облысында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Су кодексіне қол қойды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz