Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Талдықорғанда күдікті ер адамды өлтіріп, өртеп жіберген

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылған, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 37 жастағы ер адам күдікті ретінде қамалды.

«Полициямен бұрын хабар-ошарсыз кеткен облыс орталығының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында, Талдықорған қаласының аумағындағы жолдың бойында жоғалған адамға тиесілі автокөлік табылды. Жиналған заттай дәлелдемелердің негізінде жедел-уәкілдер қылмыс жасағанын мойындаған 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті азамат қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: Қылмысқа қатысушыларға сот үкімі шықты

redaktor_qazyr

Реформалардың мәні – 4: Қуатты өңірлер – қуатты ұлт

admin_qazyr

Нұралхан Көшеров Германия инвесторымен келіссөз жүргізді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz