Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

5 жылға созылған Лиза Пылаеваның ісінде айыпталушылардың бәрі ақталды

Алматыда алты жасар Лиза Пылаеваның қазасы бойынша сот талқылауы аяқталды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында марқұм Лиза Пылаеваның ісі бойынша айыпталушыға үкім шықты.

Лиза Пылаеваның өлімі бойынша тергеу шамамен бес жылға созылды. Судья Бәкірбаев Лизаның әпкесі Ольга Шмакованы, әжесі Леонарда Рыжакованы және үй қызметшісі Ухтаб Махмудовты кінәсіз деп таныды. Сонымен қатар Ольга Шмакованы үйқамақтан шығару туралы үкімді оқыды.

Алматы сотының баспасөз қызметі жағдайға пікір білдірді.

“Сот отырысында тағылған айып расталмады. Іс бойынша кісі өлтіру фактісін растайтын куәгерлер немесе басқа куәлар жоқ. Сотталушылар тергеуде де, сот талқылауында да өз кінәларын мойындамай, тұрақты көрсетпе берді. Олар қыздың, ауланың артқы жағында, мүсіннің астынан ес-түссіз жатқан күйде табылғанын көрсетті.

Қызғаныштан кісі өлтіру себебі – болжам және тергеуде дәлелденбеген», деп мәлімдеді сот.

Ұқсас жаңалықтар

Өскеменде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Workshop алаңы ұйымдастырылды

admin_qazyr

Қазақстанда алғаш рет суперкомпьютерлік кластер іске қосылады

admin_qazyr

Қазақстан көлеңкелі экономиканы азайту үшін цифрлық бақылауды күшейтеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz