Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ақтөбеде бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерге жұмсағандар анықталды

Ақтөбеде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін әуесқой спорт командаларынан алынған қаражатты ойынға тігіп жіберген, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған. Облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Спорт мектептерінің басшылары 6 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз жұмсаған.

Бұл қаражаттар мектеп басшыларымен өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерге жұмсалған.

Ұқсас жаңалықтар

«Құран сүрелерін дұрыс оқымағаны үшін»: Шымкентте дін қызметкері балаларды ұрып-соққан.

redaktor_qazyr

АҚШ-тың бұрынғы президенті Трампқа қастандық жасалды

redaktor_qazyr

Ақмола облысында оқушы суға батып бара жатқан балақайды құтқарып қалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz