Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Анаға арналған құттықтау тілек

О, Ана!
Неткен жеңіл есім ең!
Үш әріптен құралып,
Үш жүзді жалғастырып ең.
Мәңгіге мұрағаттаулы
Баға жетпес шежірең.

Тыңдаушы, бір сәт елең ет!
Айтуға жеңіл емес пе?
«Ана» деп тіл қат, керемет!

 

О, Ана!
Неткен асыл тұлғасың!
Қиын кезде мұңдасым,
Қуанышты сәттерде
Өзіңсің тағы жырласым.

 

О, Ана!
Мейірімді жан едің!
Бір қолыңмен бесікті,
Бір қолыңмен әлемді,
Тыныштық бағып тербедің.

 

О, Ана!
Шабытымды шарпыдың,
Жағаладым жалыныңды.
Қасиетің ба, қадірің ба?
Идірдің алпыс екі тамырымды.

 

О, Ана!
Тірегім де өзіңсің,
Жүрегімде өзіңсің,
Айтатын әркез сөзімсің.
Өзіңсің ана, өзіңсің,
Аз қызыққа мәз болған,
Көкірегіңе наз толған,
Жатқа кетсем төрімсің.
Іс бастаған оң қолдан,
Бата беріп оң жолдан,
Құлыным дейсің аймалап.
Айналайын, ана жан,
Мадақтауға тұлғаңды,
Жалықпаймын қайталап.
Дұрысымды асырған,
Бұрысымды жасырған,
Мен гүл болсам қырмызы,
Сенсің ана – жайған бақ!

Ұқсас жаңалықтар

Бірінші курс студентіне кеңес

redaktor_qazyr

Келіндерге арналған кеңестер

Redaktor Site

Тик-токта танымал болып жатырған Шаймускат жүзімі туралы не білесіз?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz