Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Жоғары ақы төленетін жұмысқа ұсыныс алсаңыз,ойланыңыз — Бас прокуратура

Прокуратура  табыс туралы күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырады.Егер сіз жұмыс іздеп курьер (бөлшектеуші, таратушы, кладмен, трафаретші) ретінде жоғары ақы төленетін жұмысқа ұсыныс алсаңыз, ойланыңыз.Өйткені аталған жарнама есірткі бизнесіне тартуды жасырын көздеуі мүмкін,деп хабарлайды Qazyr.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеп.

Жалған табыс туралы хабарландырулардағы сөздер алаңдату қажет. Бұл есірткі сатушылардың айласы.

20 және 22 жастағы екі қыз «жеңіл ақша» табуға шешім қабылдап, интернетте ақша табудың оңай жолын тапқан.

Қылмыстық жоспарға сәйкес кураторлардың көрсеткен мекенжайлары бойынша психотроптық заттар мен олардың аналогтарын алып, оларды бөлшектеп орап, таратқан.

Сотталушылардың жалға алған тұрғылықты пәтерден өлшеп оралған 50 грамнан астам мефедрон тәркіленді.

Сотталушылардың соттағы соңғы сөздері: «Құрметті сот  мен қатты өкінемін, бұл оңай ақша болды, өкінішке орай, мен мұны өте кеш түсіндім».

Сот үкімімен сотталушылардың әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ІІ форумына қатысты

admin_qazyr

Мемлекеттік білім ордасындағы директорлар неше жылда ротацияланады және не үшін ротациялануы керек?

redaktor_qazyr

Түркістан: Келестік диқандар Ресейге қарбыз экспортын бастады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz