Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Түркістан облысында “Cyberpol” жедел мақсатты тобының қызметкерлері жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізіп, профилактиканы күшейтті. Соның нәтижесінде 410 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, 200-ге тарта дерекке түпкілікті шешім қабылданды.

Оның ішінде көпэпизодты қылмыстарға тоқталар болсақ, 25 жастағы Сайрам ауданының тұрғыны 50-ден астам адамды алдап, құрығына түсірген. Жас жігіт жәбірленушілерге несие ресімдетіп, ақшаларыңызды көбейтіп, несиелеріңізді төлеп береміз деп алдаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа өткен. Жалпы келтірілген шығын – 160 млн теңгеден асады.

Ал Шардара ауданында 29 жастағы ер адам 10-ға тарта жәбірленушіге ЭЦҚ-кілт ашып беремін деген сылтаумен жеке басына қатысты мәліметтерді алып, олардың атынан несие ресімдеген. 14,5 млн теңге шығын келтірген іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ “Cyberpol” қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде жәбірленушілердің 21 млн теңге қаражаты алаяқтардың есепшотына өтіп кетпей, дер кезінде бұғатталып үлгерген. Тәртіп сақшылары облыс көлемінде халыққа қызмет көрсету орталығы, базар, ойын-сауық орталықтары мен басқа да адамдар көп шоғырланатын орындарда “Интернет-алаяқтықтан сақ бол!” тақырыбында ауқымды профилактикалық іс-шаралар атқарды. Арнайы әзірленген 20 мың жадынама таратылып, 6 мың жабыстырмалы ақпарат ілінді.

Полиция бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған алаяқтық қылмысына тосқауыл қою мақсатындағы шаралар үздіксіз жүргізілетінін жеткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Көршім арызданды»Өскеменде көлігін ұзақ қыздырған үш адам айыппұл төледі

redaktor_qazyr

Белгілі жазушы Медеу Сәрсеке өмірден өтті

redaktor_qazyr

Шымкентте Ордабасы алаңындағы қоймаларының бірі өртеніп жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды

redaktor_qazyr

Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды,деп хабарлайды Qazyr.kz Түркістан облысы ПД баспасөзіне сілтеп.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар 60 жастағы Алматы тұрғыны қолға түсірді.
Күдікті ер адам Алматы қаласына жетіп алу үшін өзге біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен.

Белгілі болғандай, ол күндізгі сағат 14:30 шамасында автотұрақта тұрған «ВАЗ-2107» автокөлікке көзі түскен. Ер адам алдымен күдік тудырмас үшін ұрланған көліктің нөмірлерін шешіп алып, дәл сондай өзінің көлігінің нөмірлерін орнатқан. Артынан көліктің есігін бұрағыш құралымен ашып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Алматы қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласында 3-7 қыркүйек халықаралық шабандоздар бәйгесі өтеді

redaktor_qazyr

Шағыр: Қайтар жолда көлігі аударылып, жүргізушісі мерт болды

redaktor_qazyr

Әңгіме: Бұрынғы жігітіммен көңілдес болдым

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz