Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Мектепке жұмысқа орналастырамын деп 1 млн теңге алған» Түркістанда таныстарын алдаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістанда таныстарын мектепке жұмысқа орналастырып беремін деген сөзден алдап,олардан ақша алған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды,деп хабарлайды Qazyr.kz Түркістан облысы ПД баспасөзіне сілтеп.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады. Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа орналастырып беретінін айтып, сендірген.

Ол жәбірленушілерден алдын ала қызметі үшін біреуінен 1 миллион теңге, екіншісінен 800 мың теңге көлемінде қаражат алған. Алайда біршама уақыт өтсе де уәдесін орындамай, не ақшаларын қайтармаған. Яғни әйел алған ақшаны бас пайдасына жаратқан.

Қазір әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

admin_qazyr

Төркіндеу

redaktor_qazyr

Денсаулыққа пайдалы кеңестер

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz