Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Үкімет экономикалық тиімділігі жоғары жобаларды жүзеге асырады

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сұрақтарына жауап бере отырып, қарыз алу негізінен коммерциялық тұрғыдан тартымды әрі өзін өзі ақтайтын жобаларға тартылуы керектігін, олар кейіннен бюджетке кіріс алу арқылы пайдалану процесінде құрылысқа тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мысал ретінде қазірдің өзінде үлкен пайда әкеліп отырған автожол жобаларын айтуға болады. Өткен жылы бюджетке ақылы жолдардан 48 млрд теңге түскен болса, оның 10 млрд-ын транзитпен өтетін шетелдік көлікер төлеген. Ал осы жылдың 10 айында 72 млрд теңге кіріс келді, оның 17 млрд теңгесі – шетелдік автокөліктерден.

Олжас Бектенов Үкімет аталған жұмысты жалғастыратынын атап өтті. Бұл ретте жекелеген сарапшыларға қарыз қаражаты есебінен салынған нысандар беретін жалпы экономикалық әсерді ескеру маңызды.

«Жоғары сыныпты магистраль салынған жерде экономикалық белсенділік мүлдем басқа. Неге екені белгісіз, осы жол бойында 50 жанармай құю бекеті, 100 кафе салынғанын ескермейді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, төленген салықтар және экономикалық өсімге әкеледі. Мұндай инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салынбаса, онда, әрине, даму да болмайды. Сондықтан біздің ойымызша, жоспарлы жұмсалатын қарыздар – экономикалық дамуға айтарлықтай әсер етеді. Біз қаражатты қандай жобаларға жұмсау керектігін мұқият қарайтын боламыз», — деп атап өтті Премьер-министр.

Ұқсас жаңалықтар

Зеленский: Ресеймен келіссөздер тек мықты позициямен жүргізілуі керек

redaktor_qazyr

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды

redaktor_qazyr

«Менің атым- Қожа» фильмін,театрда Жанардың рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz