Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Құл болмау үшін билікті өзгерту керек» Маңғыстау облысында TikTok-тағы видеосы үшін 11 баланың анасы 3 жылға қамалды

Маңғыстау облысында 11 баланың анасы Жадыра Досекеева есімді әйел TikTok желісіндегі видеолары үшін үш жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы хабар тарады,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Бұл жағдайға себеп болып отырған Жадыра Досекееваның TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған «Құл болмау үшін билікті өзгерту керек» деген сынды пікірі себеп болған.Досекееваның әлеуметтік желілердегі пікіріне филологиялық сот сараптамасы жасалды.Олар «Билікті сынау белгісі бар, шақыру бар, бірақ билікті күшпен басып алуға шақыру байқалмады» деген тұжырымға келген.

Сот Досекееваны «телекоммуникация мен онлайн-платформалар пайдаланып, әлеуметтiк алауыздық тудырды» (Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі) деп айыптап, бостандығын үш жылға шектеп, үш жылға дейін әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салды.

Осы бойынша Маңғыстау облысы полиция департаментінің өкілдері де пікір білдірді.

«Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот Жадыра Досекееваға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады», — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Connected конференциясында білім беру жүйесінен болашақтың адамына тапсырыс беру туралы талқыланды

redaktor_qazyr

Түркістандағы Күлтөбе қалашығы жүзжылдықтарға жетелейтін туристік нысанға айналады

redaktor_qazyr

Өлең: Сергелдеңде

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz