Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында полицияға арналған жаңа ғимарат салынуда

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылы халықтың тығыз орналасуымен және стратегиялық маңызымен ерекшеленеді. Бұл ауылда 23 мыңнан астам тұрғын бар, әрі ол Өзбекстанмен шектеседі. Шекарадан тәулігіне шамамен 30 мың адам мен 1000 көлік өтеді. Сауда-саттық пен екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы бұл аймақтың рөлін одан әрі арттыруда.

Ауылда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу мақсатында полицияға арналған жаңа ғимараттың құрылысы басталды. Нысанның маңыздылығы мен құрылыс қарқынын бақылау үшін облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы сапармен келді. Олар құрылыс жұмыстарының барысын тексеріп, нысанды белгіленген мерзімде аяқтауға ерекше назар аударды.

Сапар барысында басшылар Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде де болып, полиция қызметкерлерінің жұмыс жағдайын зерделеді. Жұмыс кабинеттерін аралап, күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен қатар қару-жарақ сақтау орны, кезекшілік бөлімінің қызметі және бейнебақылау жүйелерінің жұмысын талқылады.

Облыстық полиция департаментінің бастығы М. Қабденов:
“Полиция халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы шепте болуы тиіс. Қызметкерлерден жоғары деңгейде жұмыс талап етілетін болса, олардың жұмыс орны да барынша қолайлы және заманауи талаптарға сай болуы қажет. Жаңа ғимарат осы мақсатта салынып жатыр. Біз кемшіліктерге жол бермей, жұмысты сапалы түрде аяқтауға тиіспіз,” – деді.

Аудандық полиция бөлімінің басшысы Есенғали Бейсебаев пен жеке құрам жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып, сенімді ақтауға дайын екендіктерін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық чемпионның бейнесін, туған өлкесіндегі орталық көшелердің бірінде орналасқан тақтаға ілді

redaktor_qazyr

Түркістан: «Балаларын жастықпен тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды»

redaktor_qazyr

Connected конференциясында білім беру жүйесінен болашақтың адамына тапсырыс беру туралы талқыланды

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz