Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы кибербуллингке тыйым салды

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы (ҚМДБ) кибербуллинг пен қорлаудың кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынатынын мәлімдеп, арнайы пәтуа шығарды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

ҚМДБ хабарламасында әлеуметтік желіде немесе ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, балағаттау, қорлау, тіпті кибербуллингке қатысып, «лайк» басу сияқты әрекеттер күнә іс ретінде бағаланатыны айтылған.

«Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады. Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс. Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте өгей әкесі балаларын ит-мысықтың етімен тамақтандырып келген

redaktor_qazyr

Сарыөзек әскери бөлімінде сарбаз көз жұмды

redaktor_qazyr

Иранда шахтада жарылыс болып, 51 адам қаза болды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz