-4.7 C
Шымкент
23-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Иракта 9 жасар қыздарға некеге тұруға рұқсат етілді

Сурет: telegraf plus

Ирак парламенті балалардың некесін заңдастыратын жеке мәртебе туралы заңға түзетулер енгізуді мақұлдады. Бұл өзгерістер 1959 жылғы әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңды қайта қарауды қамтиды. Енді ислам соттары неке, ажырасу және мұрагерлік мәселелерінде шешім қабылдауда көбірек өкілеттікке ие болды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Заңға енгізілген түзетулер консервативті шииттік депутаттардың бастамасымен жүзеге асты. Олар бұл өзгерістерді ислам қағидаларына сәйкестендіру және батыс мәдениетінің ықпалын азайту үшін қажет деп санайды.

Қазіргі заң бойынша, Иракта некеге тұрудың ең төменгі жасы 18 болса, жаңа өзгерістер дінбасыларға қыздардың некеге тұру жасын өз қалауынша анықтауға мүмкіндік береді. Кейбір діни көшбасшылар қыздардың 9 жасында да тұрмысқа шығуына жол беруге дайын.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары бұл заңға қарсы шығып, оның әйелдер мен қыздардың құқықтарын елеулі түрде шектейтінін мәлімдеді. Олар бұл түзетулер қыздардың балалық шақтан айырылуына және әйелдердің некелік қатынастарда қорғансыз қалуына әкеледі деп дабыл қағуда.

Ұқсас жаңалықтар

Украина Ресейге АҚШ-тың ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасады

redaktor_qazyr

6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді

redaktor_qazyr

Астана алғаш рет әлемдік туристік киноның орталығына айналады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz