Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркиядағы қонақ үйдегі өрттен 76 адам көз жұмды

Түркияның Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақ үйден шыққан өрт 76 адамның өмірін қиды. Осыған орай, елде аза тұту күні жарияланып, барлық мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсірілді.

Ресми деректер бойынша, қайтыс болғандардың 52-сінің жеке басы анықталды. Қалған 24 адамның кім екені тергеліп жатыр. Өрт оқиғасы кезінде ғимарат ішінде 300-ден астам адам болған.

Бұл қайғылы жағдай Түркия халқына ауыр соққы болып, қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына орны толмас қайғы алып келді. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп, өрттің шығу себептері мұқият зерттелуде.

Ұқсас жаңалықтар

Айт намазының кестесі 2024 жыл

redaktor_qazyr

Азия чемпионы Әлихан Әскербайға Жетісу университетінің гранты табысталды

admin_qazyr

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда экологиялық акция өтеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz