Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай энергетикалық жүйелері қатар жұмыс істейді

Мәжіліс Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан мен Ресейдің біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі келісімді ратификациялады. Аталған құжатқа 2023 жылдың 9 қарашасында Астана қаласында қол қойылған болатын.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Келісімге сәйкес, тараптар жыл сайын Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесі арқылы Ресейден тасымалданатын электр энергиясының көлемін келісуге міндетті. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы энергетикалық тұрақтылықты сақтауға, электр энергиясын жоспарлы түрде сатып алуға және мемлекетаралық ағындарды теңгерімдеуге мүмкіндік береді.

Электр энергиясын беру қызметтерінің ақысы Қазақстанның тарифтерді мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тарифке сәйкес жүзеге асырылады. Бұл тариф Қазақстанның жеке тұтынушылары үшін белгіленген электр энергиясын тасымалдау тарифінен аспауы тиіс.

Келісімді ратификациялау Ресеймен шекарадағы электр энергиясы ағынының теңгерімін сақтау, сондай-ақ энергетикалық жүйелердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін маңызды. Сонымен қатар, құжат электр энергиясын мемлекетаралық сатып алу-сату бағасын белгілеу қағидаттарын нақтылайды.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов «Татнефть» бас директоры Наиль Магановпен мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады

admin_qazyr

Speed Breeding: Қазақстан аграрлық ғылымында жаңа дәуір басталды

admin_qazyr

Жамбыл облысында түлектер мінген көлік аударылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz