Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Олжас Бектенов «Татнефть» бас директоры Наиль Магановпен мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесу өткізді. Атырау облысында бутадиен және синтетикалық каучук өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру барысын қоса алғанда, мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланды.

«Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов жобаның қазіргі жағдайы туралы хабарлады. Бүгінгі таңда мердігер – қытайлық China Tianchen Engineering Corporation инжинирингтік компаниясымен белсенді жұмыс жүргізілуде. Резеңке-техникалық өнеркәсіпте және шиналар өндірісінде пайдалану үшін 60 мың тонна дивинилстирол синтетикалық каучук (ДССК), жол жабындары мен пластмассаларға қажетті 40 мың тонна стирол-бутадиен-стирол каучук (СБС) және жыл сайын жоғары октанды бензин ретінде 40 мың тонна метил-трет-бутил эфирін шығару жоспарланған. Инвестициялық кезеңнің іске қосылуы осы жылдың 1 шілдесінде күтіліп отыр.

Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын «Қаратон Подсолевой» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары талқыланды. Қазіргі уақытта 5,5 мың метрге терең барлау ұңғымасын бұрғылау жүріп жатыр.

Сондай-ақ терефтал қышқылы (ТФҚ) және полиэтилентерефталат (ПЭТФ) өндіру жобасына назар аударылды.

Премьер-министр ҚР Үкіметі бірлескен жоспарларды іске асыруда және өзара тиімді ынтымақтастық үшін шешімдер іздеуде сындарлы диалогқа ашық екенін айтты. Қазақстанның отандық өнеркәсіпке «Татнефть» технологиялары мен сараптамасын енгізуге мүдделілігі атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның паспорты екі саты көтеріліп, Global Passport Power Rank 2025 рейтингінде 52-орынды иеленді

redaktor_qazyr

Риддерде қазақ мектебін жаппауды сұраған блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz