Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстан Қырғызстандағы су станциясының құрылысына кепілдік береді

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бірігіп Орталық Азиядағы ең ірі энергетикалық жобалардың бірі – «Қамбар-Ата ГЭС-1» құрылысын бастауға келісім жасады. Бұл бастама аймақтың су және энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Гидроэлектр станциясының (ГЭС) 34%-ы Қырғызстанға, ал Қазақстан мен Өзбекстан әрқайсысы 33%-дан иелік етеді. Жобаға қажетті қаржы көздері де анықталып отыр. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, құрылысқа қаражат бөлетін негізгі ұйымдар:

Дүниежүзілік банк

Еуропалық қайта құру және даму банкі

Азия даму банкі

ОПЕК қоры

Жеке инвесторлар пулы

Қазақстан бұл қаржыландыруға кепілдік беріп қана қоймай, ГЭС іске қосылғаннан кейін электр энергиясын алуға да міндеттеме алады.

Су-энергетикалық тепе-теңдік және Қазақстан үшін пайдасы

Қамбар-Ата ГЭС-1 Нарын өзенінде салынады. Бұл өзен Қарадариямен қосылып, Сырдарияны құрайды, ал Сырдария Арал теңізіне құяды. ГЭС-тің сәтті іске қосылуы:

Егістік алқаптарын суаруға қажетті су көлемін тұрақтандырады
Аймақтық су-энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді
Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді
Арал теңізінің деңгейін жылына 3,7 млрд текше метрге көтеруге ықпал етеді

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

redaktor_qazyr

Цифровая эра и азарт: как меняется восприятие лотерейных игр

admin_qazyr

Қазақстанда бензин мен мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz