-0.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Аида Балаева: расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырамын

Бүгін Аида Балаева интернет кеңістігінде ақпарат тарататын ресурстарға қатысыты пікір білдірді. Кейбір онлайн-платформаларда заңға қайшы, жалған ақпарат жиі таратылатыны жөнінде жазды деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қазіргі уақытта интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер қызу талқылануда. Мониторинг көрсеткендей, онлайн-платформаларда көбінесе заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралады.

Осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырамын.

Әлеуметтік желі қолданушыларынан да ойланбай әрекет етпеуді, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес онлайн-платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер қалдырмауды сұраймын.

Миллиондаған азамат жаңалықтарды онлайн платформалардан алатынын ескере отырып, біздің министрлік тыйым салу шараларына сирек жүгінетінін атап өткім келеді. Дегенмен, желілік ресурстардың әкімшілері де өз әрекеттерінің салдарын түсініп, ақпарат таратуда ең алдымен оқырман мен қоғам алдындағы жауапкершілікті жіті ұғынуға тиіс.

Статистикаға сүйенсек, 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта Қазақстан интернет сегментінде анықталған заңға қайшы контент көлемі екі есе өсіп, 116 354 материалға жетті. Ең көп таралған заңбұзушылықтар қатарында – терроризмді, діни экстремизмді және есірткі құралдарын насихаттау, онлайн-казино мен қаржы пирамидаларын жарнамалау бар.

Өткен жылы онлайн-платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталып, оның 24,3%-ы жойылды.

Достар, кез келген мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты факторлар – ауызбіршілік пен ынтымақ. Сондықтан бәріміз Мемлекет басшысы атап өткендей, нағыз құқықтық мемлекет қалыптастырудың басты кілті саналатын заң мен тәртіп қағидатын берік ұстануымыз қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Марат Байділдәұлы: Ресей Қазақстанға АЭС салса, бізде АҚШ-тың санкциясына ілініп кетеміз

redaktor_qazyr

Дархан Ахмед-Заки вице-министр қызметінен кетті

redaktor_qazyr

Арыс қаласында 21 қараша күні уақытша дабыл жүйесі іске қосылады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz