Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстан әскерилерінің рационына ұлттық тағамдар енгізілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің тамақтану рационы жаңартылып, оған дәстүрлі ұлттық тағамдар қосылды. Енді сарбаздардың күнделікті ас мәзірінде ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе, бауырсақ сияқты тағамдар болады,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Бұл өзгеріс Қазақ тағамтану академиясының мақұлдауынан өтті. Ғалымдар ұлттық тағамдардың калориялығы жоғары, энергетикалық құндылығы мол екенін және сарбаздардың иммунитетін нығайтып, күш-қуатын тез қалпына келтіруге көмектесетінін атап өтті. Әсіресе, ет пен сорпалы тағамдар әскери қызмет барысында ауыр физикалық жүктемені жеңілдетуге ықпал етеді.

Ұлттық тағамдар 2024 жылы бірнеше әскери бөлімде сынақтан өтіп, оң нәтиже көрсетті. Сарбаздар жаңа рационның дәмді әрі тойымды екенін айтып, оның денсаулыққа тигізер пайдасын сезінгенін жеткізді.

Алдағы уақытта бұл тәжірибені кеңейтіп, Қазақстанның басқа да әскери құрылымдарына енгізу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа экономикалық саясат және инвестиция тартудың тиімді механизмдері

admin_qazyr

Шымкентте 28 жастағы ер адамды бауыздап кетті

redaktor_qazyr

Крипто нарықтың даму бағыттары талқыланды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz