Qazyr.kz порталы
АймақҚазірСпорт

Алматыда есірткіге қарсы «Чемпиондық рух» атты таңғы жаттығуы өтті

Алматыда жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Чемпиондық рух» атты жастарға арналған есірткіге қарсы жобаның аясында кең көлемді таңғы жаттығу өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Іс-шара «Динамо» спорт кешенінің аумағында ұйымдастырылып, қаладағы 1,5 мыңнан астам студенттер мен оқушыларды жинады. Акцияны Алматы қалалық Полиция департаменті мен «Жастар Рухы» жастар қозғалысы қолдап отыр.

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың айтуынша, мұндай бастамалар жастардың өмірлік бағдарын дұрыс қалыптастыруға, сондай-ақ есірткі мен психобелсенді заттарды пайдалануға деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Ол өз сөзінде:

«Денсаулық мәдениетін қалыптастыру — нашақорлыққа қарсы күрестің ең тиімді тәсілі. Алматы полициясы жастарды спортқа баулитын, белсенді өмір салтына ынталандыратын жобаларды жүйелі түрде қолдап келеді», — деді.

Шараға танымал қазақстандық спортшылар — әлем чемпионы Қанат Ислам, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, Азия чемпионы Азамат Даулетбеков, сондай-ақ ММА жауынгері Арман Оспанов қатысты. Олар жастарға өз жетістік тарихтарын айтып, мақсатқа ұмтылуға, өз-өзіне сенуге және зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға шақырды.

«Чемпиондық рух» жобасы  профилактикка жылы аясында полицияның алдын алу жұмыстарының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып, Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» қағидатымен үйлеседі.

Жоба аясында таңғы жаттығулармен қатар, спорттық жарыстар, шеберлік сабақтары, чемпиондармен мотивациялық кездесулер, түрлі тренингтер өткізу жоспарланған. Бұл іс-шаралар жастардың жауапкершілігін, тәртібін және жігерін дамытуға бағытталған.

Айта кетсек, «Чемпиондық рух» бастамасы тек Алматыда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де іске асырылып жатыр. Алматы қаласының нашақорлықтың алдын алу бойынша тәжірибесі халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, БҰҰ алаңында таныстырылғаны да белгілі.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тың бұрынғы президенті Трампқа қастандық жасалды

redaktor_qazyr

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мәлімдемесі

admin_qazyr

Ақпан айында бензин мен автогаз қымбаттайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz