Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Болат Жәмішев «Қазақстан халқына»қорының төрағасы қызметінен кетті

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болды, оның 62-сі іске асырылды.

«Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. Біздің бастамамызда қорды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Бірге айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және қор алдағы уақытта да дами беретініне сенемін. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», – деді Болат Жәмішев.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен қоғам қайраткері, Қазақстандағы қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды басқару және Үкіметтік емес ұйымдарды институционалдық дамыту саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева төраға болып сайланды. Ол бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» Қыз алып қашуға тосқауыл қою керек!

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

redaktor_qazyr

Трамп: Украина мәселесі шешілмесе, Ресейге толыққанды санкциялар енгіземіз

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz