17.3 C
Шымкент
19-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстанда жаңа мереке: Тазы мен төбет күні бекітілмек

Қазақстанда ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған тағы бір жаңа мереке пайда болмақ. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 3 қыркүйекті Тазы мен төбет күні ретінде белгілеу жөнінде ұсыныс жасады,-деп хабарлайды Qazyr.kz.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл мереке қазақ халқының дәстүрлі ит тұқымдары – тазы мен төбеттің маңызын арттырып, олардың сақталуына ықпал етеді. Тазы – аңшылыққа бейім, ерекше жүйрік әрі ақылды ит тұқымы, ал төбет – малды қорғауда сенімді серік болған дәстүрлі бақташы ит.

Жаңа мереке аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін. Мамандар тазы мен төбеттің ерекшеліктерін кеңінен таныстырып, көрмелер, жарыстар және ғылыми конференциялар өткізу жоспарлануы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар, бұл бастама Қазақстанның этнографиясы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын туристердің назарын аударуы ықтимал.

Ұлттық құндылықтарды сақтау және дәріптеу бағытындағы бұл қадам қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан аңшылық пен малшылық дәстүрін жаңғыртуға ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жібермек – NYT

redaktor_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

redaktor_qazyr

Тараз: Абақтыдан жақында ғана шыққан ер адам әйелін үйімен қоса өртеп жіберді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz