Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратБілімЖаңалықтарҚоғам

Астанада «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалі ашылды

Елордада «Жұмысшы мамандықтары қаласы» атты фестиваль ашылды. Шара болашақ мамандар, жұмыс берушілер және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтатын алаң болмақ. Ашылу салтанатына ҚР Премьер–министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты деп хабарлайды Qazyr.kz.   Primeminister.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Жұмысшы мамандықтары қаласы фестивалі 5 күнге жоспарланған. Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтар беделін арттыру, экономикада сұранысқа ие мамандықтарды танымал ету, жастар арасында кәсіптік бағдар беруді дамыту, жұмыс берушілердің қызметкерлерді оқытуға және қолдауға ат салысуын ынталандыруды көздейді.

Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесу алаңына айналып отыр. Бірегей формат келушілерге арнайы құрылғылар мен интерактивті платформалардың көмегімен әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерімен танысуға және экономиканың әртүрлі салаларында өздерін сынауға мүмкіндік береді.

 Бірнеше күн ішінде түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика салаларындағы тақырыптар бойынша хакатон, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесері, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстары және тағы басқа іс-шаралар өтеді.

Фестиваль қатысушылары алдында сөз алған вице-премьер Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» шеңберінде ауқымды жоспар қабылданғанын атап өтті. Колледждер әлеуетін көтеру үшін техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау жұмысы басталғаны жөнінде айтты.

«Заманауи қалашықта жастар қазіргі уақытта немесе келешекте еңбек нарығынан өз орнын табу үшін қандай дағдыны меңгеруі керек, қандай салада сұраныс көп әрі қайсысына икемі барын көре алады. Ол үшін еліміздің ірі кәсіпорындары ерекше үлгідегі көрмені ұйымдастырып отыр. Жұмысшы мамандықтары қаласы – жұмыс берушілер мен келешек еңбеккерлер мүдделерінің тоғысқан аумағы», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Шаханов

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жылу желілері мен сумен жабдықтау жүйелерінің жағдайын тексеріп қайтты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz